• RSS
Вторник, 7.1.2025, 01:35
Главная » 2012 » Август » 29 » Аудандық “Бала тілі -бал” байқауы
17:56
Аудандық “Бала тілі -бал” байқауы
Білім беру бөлімімен бірлесе отырып, аудандық мәдениет үйінде 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, мектепке дейінгі бүлдіршіндер арасында ІІІ аудандық "Бала тілі -бал" байқауы болып өтті. Байқау ережесі өткен жылдарға қарағанда мүлдем өзгеше. Өткен жылдары өзге ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін жеке көрсетсе, биыл олар топ болып, Қазақстан халықтарының ертегілерінен қойылым қойды.

Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілімізді мектеп қабырғасынан бастап өзге ұл өкілдерінің бойына сіңіру, тілді оқып, үйренуге деген қызығушылығын арттыру еді. Жыл сайын байқауға қатысушылар саны көбеймесе азаяр емес.

Аталған іс шараға 10 мектеп және аудандағы «Сәбинұр» бөбекжай бақшасы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әділ қазылар ақылдаса келе «Сәбинұр» бөбекжай-балабақшасынан келген ең кішкентай бүлдіршіндерімізге Гран-при жүлдесі берілді. Жақсы қойылымымен көзге түскен Свердлов орта мектебі І орынға ие болды. ІІ орын Новоалексеев орта мектебінің үлесіне тиді. ІІІ орынды Большечураков орта мектебінің бүлдіршіндері жеңіп алды.

Байқауға келген барлық сайыскерлер дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.

Категория: Новости района | Просмотров: 1189 | Добавил: daryn | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]